Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Сауда сөрелерінде – сапалы өнім

0

Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының маңызды саласы ғана емес, халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланысты тірек. Дастарқанның молшылығы мен азық-түлік бағасының қолжетімді болуы әрбір отбасы үшін маңызды.

Осы орайда жергілікті тауар өндірушілерді қолдап, тұрғындарға сапалы өнімді тиімді бағада ұсыну мақсатымен Тараз қаласындағы «Жастар аллеясында» «Дала дәмі» атты ауыл шаруашылығы өнімдерінің кезекті жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеде жергілікті тауар өндірушілер мен ауыл шаруашылығы саласының өкілдері өз өнімдерін қала тұрғындарына нарықтан 10-15 пайызға төмен бағада ұсынды. Сауда сөрелеріне ет және сүт өнімдері, көкөністер, жеміс-жидектер мен күнделікті тұрмысқа қажетті өзге де азық-түлік түрлері қойылды.
Шараның басты мақсаты – тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету, жергілікті өндірушілерге қолдау көрсету және ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасын дамыту. Мұндай жәрмеңкелер бір жағынан халықтың қажетті тауарларды тиімді бағамен сатып алуына мүмкіндік берсе, екінші жағынан шаруалар мен өндірушілердің өз өнімдерін тікелей тұтынушыға ұсынуына жол ашады.

«JT»-ақпарат

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.