Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Жүрегі ел деп соққан ерен тұлға

0

Республика күні – еліміздің тәуелсіздік жолындағы тарихи таңдауын айқындаған, мемлекетіміздің егемендікке ұмтылысын танытқан айрықша мереке. Егемендік туралы декларация Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасуына негіз қалап, ел тарихындағы жаңа кезеңнің басталуына жол ашты. Осыған орай, Тараз қаласындағы Отбасын қолдау орталығында «Жүрегі ел деп соққан ерен тұлға» тақырыбында тағылымды кездесу өтті.

Шараға Тараз қалалық №38 мектептің белсенді оқушылары, №7 емхананың қызметкерлері мен Отбасын қолдау орталығының мамандары қатысып, арнайы шақырылған қоғам қайраткерлері Нұрила Досанова және Галина Выборновамен жүздесті.
Кездесу барысында қонақтар 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларацияның ел тарихындағы орнына тоқталып, ұлттық мерекенің мән-маңызын талқылады. Сонымен қатар 2009 жылы мерекелер тізімінен алынып тасталған Республика күніне 2022 жылы ұлттық мереке мәртебесінің қайта берілуі туралы да сөз қозғалды.
Шақырылған қонақтар еліміздің өсіп-өркендеуіне өз салалары бойынша қосқан үлестері, қоғамдық жұмыстардағы тәжірибелері мен өмірлік ұстанымдары туралы әңгімеледі. Сонымен бірге жиын барысында жастардың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптас- тыру, үлкенді құрметтеу, кішіге қамқор болу, адамгершілік пен жауапкершілікті ту ету мәселелері де қозғалды.
Кездесу соңында арнайы қонақтарға Отбасын қолдау орталығының марапаттары табысталды.

Жұмаш ЖОЛБОЛДЫ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.