Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Отандық өнімге – сұраныс, тұтынушыға – тиімді баға

0

Республика күніне орай Тараз қаласында 17-27 қазан аралығында «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары өтуде. Науқан аясында тұтынушыларға азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың кең таңдауы тиімді бағамен ұсынылады.

Мерекелік жеңілдіктердің негізгі кезеңі 21-27 қазан аралығына жоспарланған. Осы күндері сауда орындарында арнайы бағалық ұсыныстар мен түрлі жеңілдіктер қарастырылған. Бұл тұрғындарға қажетті тауарларды тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік береді.
Жалпыреспубликалық науқанды Қазақстан Республикасы Сауда және интег- рация министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыруда. Акциялардың басты мақсаты – ұлттық мереке қарсаңында халық үшін қажетті тауарлардың қолжетімділігін арттыру, тұтынушылық сұранысты қолдау және ішкі сауданы дамытуға серпін беру. Сонымен қатар отандық өндірушілердің өнімдерін өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылады.

Тараз қаласының әкімдігі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.