Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №67 мекемесінде сотталғандардың рухани-адамгершілік тәрбиесін жетілдіру және оң құндылықтарды насихаттау мақсатында «Форест Гамп» көркем фильмі көрсетілді.
Фильмнің негізгі идеясы – адамның шынайылығы, адалдығы және мейірімді жүрегі кез келген уақытта үлкен жетістіктерге жеткізе алатынын көрсету. Картина кейіпкері Форест Гамп өмір жолында көптеген қиындықтарға тап болғанымен, өзінің адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай, айналасындағы адамдарға жақсылық жасап, биік белестерді бағындырады.
Фильм көрсетілімінен кейін сотталғандармен тәрбиелік әңгіме жүргізіліп, туындыда көтерілген өмірлік құндылықтар талқыланды. Қатысушылар адал еңбек ету, адамдарға құрметпен қарау, өмірдегі қиындықтарға мойымау және дұрыс шешім қабылдаудың маңыздылығы жөнінде өз пікірлерімен бөлісті.
Мекеме әкімшілігінің айтуынша, осындай мәдени-тәрбиелік іс-шаралар сотталғандардың дүниетанымын кеңейтіп, олардың бойында адамгершілік, жауапкершілік және заңға құрмет сияқты оң қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етеді.
Аталған шара сотталғандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және олардың қоғамға қайта бейімделуіне бағытталған тәрбиелік жұмыстар аясында өткізілді.