“Ел ертеңі – Жас Ұлан”

Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында Желтоқсан айының 7-ші жұлдызында мектеп ұйымдастырушысы Г.Сүлкетаеева мен мектеп тәлімгері А.Пазылбекованың ұйымдастыруымен “Ел ертеңі – Жас Ұлан” тақырыбында 5 сынып оқушыларын “Жас Ұлан ” ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өткізілді.

Ұйымның мақсаты – өскелең жас ұрпақтың бойына патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері – әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту , мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру.

Бұл жиынның ең жауапты сәті – ант қабылдау рәсіміне мектебіміздің “Ұланбасы” Еркеназ Абдикарим ант қабылдап, барлық оқушы көгілдір туымыз түстес галстуктарын рәсім бойынша тағып шықты. 10-сынып оқушысы Ерболат Қамбар патриоттық ән шырқап, оқушыларды патриоттық сезімге бөледі. Іс-шараға мектеп тәлімгері мен мектеп әкімшілігі қатысты.

Comments (0)
Add Comment