Пойыздардағы төменгі орындардың бағасы 20 пайызға қымбаттамайтын болды

“Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясы” АҚ пойыз билеттеріне сараланған тариф енгізу жобасынан бас тартты, деп хабарлайды Экспресс К

Бұл туралы “Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.

“Жолаушылар тасымалы” АҚ 5 коммерциялық пойызға жоғарғы және төменгі орындар үшін жол жүру құнына сараланған тәсіл қолдану бойынша пилоттық жобаны іске асырмайтын болды, — деді “Қазақстан темір жолы” ҰК баспасөз қызметіндегілер.

Бұған дейін 1 желтоқсаннан бастап кейбір вагондардағы төменгі орындардың бағасы 20 пайызға қымбаттайтыны, ал жоғарғы орындардың арзандайтыны айтылды.

Comments (0)
Add Comment