Тараз қаласында “Дабыл-Антитеррор-2022″жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өтуде

Ағымдағы жылдың 14 қазанында сағат 09:00-ден бастап Жамбыл облыстық Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы Тараз қаласының “Әулие- Ата” халықаралық әуежайында(Әуежай көшесі, н/ж) “Дабыл-Антитеррор -2022” жедел-тактикалық оқу-жаттығуларын өткізеді.

Іс-шараның мақсаты құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының шұғыл ден қою және терроризмнің шартты актісінің жолын кесу, сондай-ақ оның салдарын барынша азайту және жою жөніндегі міндеттерді орындауға практикалық дағдыларын пысықтау болып табылады.

Жаттығу мүмкіндігінше әр түрлі күрделі элементтері бар жауынгерлік жағдайларға сай ұйымдастырылған.

Оқу-жаттығу шеңберінде Тараз қаласының әуежайы ауданында автокөлік құралдарының қозғалысын шектеу жөніндегі шаралар көзделген.

Азаматтарды өткізілетін оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз.

Жамбыл облыстық Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы

Comments (0)
Add Comment