Белгілі құқық қорғаушы Салтанат Тұрсынбекова енді құжаттарын ОСК-ға тапсыруы қажет, деп хабарлайды Экспресс К.
“Қазақ аналары — дәстүрге жол” атты республикалық бірлестігі Президент сайлауына Салтанат Тұрсынбекованы ұсынды. Ол Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, “Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан” жобасының жетекшісі болды.
Салтанат Тұрсынбекова көп жылдар бойы азаматтардың, әсіресе әйелдер мен балалардың құқығын қорғаумен айналысып келеді. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес саласында ерекше белсенді.
Мақсатым құр сайлауға қатысу емес. Еліміз үшін маңызды іс-шараның жауапкершілігін сезініп, саяси додаға қатысайын деген шешімге келдім. Бүгін құжат тапсырамыз, бәрі сәтті өтсе, бағдарламамды пысықтап, таныстырамын, — деді Салтанат Тұрсынбекова.