Алматы қорығында екі таутанын ерткен қар барысы фототұзаққа түсті

Алматы қорығында қар барысы фототұзаққа түскен. Бейнежазбадан жыртқыштың екі таутанын ертіп жүргенін байқайсыз, деп хабарлайды Экспресс К. 

Қар барысының бейнежазбасы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Іnstagram-дағы парақшасында жарияланды. Видеодан жыртқыштың жанында жүрген екі таутанды да көруге болады. Комитетте олардың жасы 9 айлық деген болжам жасап отыр.

Жойылып кету қаупі төнген жыртқыш аң “Алматы қорығы” аумағында теңіз деңгейінен 1200-4900 метр биіктікте мекен етеді. Соңғы есеп бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақта шамамен 24-26 барыс тіркелген екен.

 

 

Comments (0)
Add Comment