Қытай басып кірсе, АҚШ Тайваньды қорғайды – Байден

Джо Байден Тайваньға Қытай шабуыл жасаған жағдайда, АҚШ қорғайтынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Джо Байден CBS арнасындағы “60 минут” бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

Қытай Тайваньға басып кірген жағдайда АҚШ қорғай ма деген сұраққа Байден: “Иә, шын мәнінде бұрын-соңды болмаған шабуыл болса”, – деп жауап берді.

Ол АҚШ Қытайдың саясатын қолдап, Тайваньның тәуелсіздігін қолдамайтынын ескертті.

“Біз Тайвань аралымен жақсы ынтымақтастықта болсақ та, Қытайдан тәуелсіздік алуға шақырмаймыз”, – деді америкалық көшбасшы.

Мамыр айында Байденге Қытай Тайваньға басып кірсе, АҚШ әскери әрекеттерге араласа ма деп сұраған болатын.

“Иә… Бұл біз қабылдаған міндеттеме”, – деп жауап берді ол.

Comments (0)
Add Comment