“Самұрық-Қазына” елімізде атом электр станциясын салу жобасын іске асыра бастады, деп хабарлайды Экспресс К.
Бұл туралы “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Алмасадам Сәтқалиев мәлім етті.
АЭС салу жобасын “Самұрық-Қазына” қоры Үкімет басшылығымен бірлесіп іске асыруға кірісті. Бұл бағыттағы жұмыс туралы біз мүдделі тұлғаларға, журналистерге және қоғамға баяндап отырамыз,— деді Алмасадам Сәтқалиев.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде АЭС қайда салынатыны туралы айтқан еді.