Видеоға қатысты пікір білдірген полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның Маңғыстау облысында болғанын растады.
“Оқиға қатысушыларын полиция анықтады. Күдіктілерді ұстау бойынша шаралар қабылдануда. Қылмыстық кодекстің 293-бабы “Бұзақылық” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, – делінген хабарламада.
Қазір қылмыстық істі полиция департаментінің басшылығы өз бақылауына алды.