Алматыдағы “Көк Төбе” телемұнарасының маңындағы өрт видеоға түсірілді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ТЖ департаментінің мәліметінше, тау бөктерінде өрт шыққан.
“18.56-да Кеңсай бөктеріндегі шөптің өртенуін жойғанда, сағат 18:58-де өрт сөндіру жасағы Медеу ауданы, Жәнібеков көшесі, 78-үйдің маңындағы жоғары дәрежелі шақырту бойынша апат орнына аттанды”, – деп хабарлады ТЖД өкілдері.