“Бүркіт” мемлекеттік әуе компаниясының ұшақтарындағы “Kazakhstan” деген жазу “Qazaqstan” деп ауыстырылды. Желіде ұшақтардың суреті тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Үкіметтік борт тақтасы жаңа бояумен боялды”, – деп жазды Қазақстан авиациялық клуб әкімшісі Николай Устинов.
Ол жариялаған суретте UP-2101 құйрық нөмірі бар үкіметтік Airbus 321 ұшағын бұрынғыдай “Kazakhstan” емес, “Qazaqstan” деген жазу безендіріп тұрғаны байқалады.
2016 жылдың қарашасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Сенатының спикері қызметіндегі кезінде: “Қазақстанның ағылшын тіліндегі нұсқасында “Qazaqstan” жазылу нұсқасы мемлекетіміздің болмысын дәлірек көрсетеді”, – деп баса айтқан болатын.