Бүгін қала әкімі Ержан Жылқыбаев “Қазақстан Q88” урбанистер қауымдастығының өкілдерімен кездесті. Алдымен сөз алған шаһар басшысы кездесудің мән-маңызына кеңінен тоқталды. Бұдан кейін қауымдастық жетекшісі Ерлан Аукенов шаһар келбетін жақсарту бойынша ұсыныстарын жеткізді.