Бүгін Тараз қалалық мәслихатының инфрақұрылым, коммуналдық шаруашылық және жер қатынастары жөніндегі тұрақты комиссиясы “Өңірлерді дамыту” бағдарламасының шеңберінде көппәтерлі тұрғын үйлерге жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасымен танысты. Қойбақов көшесі, №14, “Жансая” ықшамауданындағы №30 және “Қаратау” ықшамауданындағы №23, 25, 27 үйлерге ат басын бұрған комиссия мүшелері мердігерлермен, тұрғындармен тілдесіп, мәселелеріне қанықты. Комиссия құрамы алдағы уақытта кем-кетіктер сараланып, тиісті шешімдер шығарылатынын жеткізді.
Бұл туралы толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.