Динара Сәтжан “Үздік тележүргізуші” аталымында “Халықтың сүйіктісі” сыйлығын жеңіп алды

Динара Сәтжан “Халықтың сүйіктісі – 2021” сыйлығына ие болды. Ол “Үздік тележүргізуші” аталымын жеңіп алды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызмет жолындағы жағымды жаңалығымен Сәтжан желідегі парақшасында бөлісті.

“Өзім Алматыда түсірілімде жүргенде анам “Үздік тележүргізуші” аталымы бойынша “Халықтың сүйіктісі – 2021″ сыйлығын алды.
Мені қолдайтын барша жанға алғыс айтамын”, – деді Сәтжан.

Соңғы кезде Youtube-тағы жобасына көбірек көңіл бөліп жүрген тележүргізуші биылға жоспары көп екенін, көрерменнің үмітін ақтауға тырысатынын айтып өтті. 

Comments (0)
Add Comment