“Ғажапсың, Димаш”: Алматылық экскаваторшы Украинаның “Голос” шоуында барлық тәлімгерлерді тәнті етті

27 жастағы Димаш Дәулетов Украинаның “Голос” шоуына қатысып, төрт тәлімгерді өзіне қаратты. Ол көрмей тыңдау кезеңінде Уитни Хьюстонның әйгілі I Hove Nothing композициясын орындады, деп хабарлайды  «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматылық Димаш өзін таныстыру барысында 6 жасынан бастап ән айтатынын жеткізді. Алайда ата-анасының қалауымен, ол “экскаватор-бульдозер машинисті” мамандығы бойынша колледжде білім алған. Оқуды бітірген соң, 4 жыл мамандығы бойынша жұмыс істеген.
“Бірақ ән айтуды тоқтатпадым”, – деп түсіндірді ол.

Өнер көрсетпес бұрын Димаш “тым болмағанда бір тәлімгер бұрылса екен” деген тілегін жеткізді. Өнерпаздың арманы артығымен орындалып, оған 4 бірдей тәлімгер қарады.

“Тым болмағанда бір тәлімгер бұрылса екен деп дұға еттім. Күтпедім”, – деген Димаш ақырында Ольга Полякованы таңдады.

“Ғажапсың, кереметсің, таланттысың. Сен алысқа барасың”, – деп Димаштың өнерін жоғары бағалады өзге тәлімгерлер.

Айта кетейік, бұған дейін Ерназар Жұбанның да аталған шоуға қатысып, продюсер Потаптың командасына қосылғанын жазған едік.

Comments (0)
Add Comment