Мұрат Нұртілеу Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Мұрат Нұртілеу Президент Әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

“Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы лауазымына тағайындалсын”, – делінген хабарламада.

Мұрат Нұртілеу ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылды.

“Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды”, – делінген хабарламада.

Бұған дейін Мұрат Нұртілеу Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалған еді.

Comments (0)
Add Comment