Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің үшінші курс студенті қол күрестіруден әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы университеттің Instagram парақшасында жарияланды.
Жарыс Румынияның Бухарест қаласында 26-28 қараша күндері өткен. Қол күрестіру бойынша ХХХХІІ чемпионатының финалында отандасымыз түркиялық қарсыласынан басым түсіп, чемпион атанды
Байниязова Меруерт “Дене шынықтыру және спорт” факультетінің 3 курсында оқиды.