Halyk Arena-дағы ковидпен ауыратын науқастарға арналған аурухана жабылды. Енді Halyk Arena бұрынғыша жұмысын жалғастыратын болады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы оңтүстік астананың әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.
“Коронавирустық инфекция жұқтырғандар санының төмендеуіне байланысты үшінші эшелондағы инфекциялық ауруханалардағы төсек-орын қысқаруда. Атап айтқанда, “Халық Арена” спорт кешеніндегі covid ауруханасының жұмысы тоқтатылды. Келесі айда негізгі профильдегі бұрынғы жұмыс режиміне қайта оралады”, – деді әкім эфирде.
Енді стадион бұрынғы режимді жұмысын жалғастыратын болады.