Хоккей лигасында гол жіберіп алған қақпашы қорғаушыны ұрды

Қазақстандық қақпашы қорғаушыны ұрды. Оқиға қазақстандық хоккей лигасының “Ақтөбе” мен “Торпедо” арасындағы матчінде болды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Өскемендік қақпашы Антон Осокин гол жіберіп алғаннан кейін команда қорғаушысы Кирилл Индюковты ұрып жіберген. Оқиғаның видеосы Желіде жарияланды.

Матч 7:2 есебімен “Ақтөбе” пайдасына шешілген.

Бұл жеңістен кейін “Ақтөбе” тоғыз ұпаймен үшінші орында, ал алты ұпайы бар “Торпедо” алтыншы орында тұр. Барлығы 12 құрам жарысқа түскен.

Comments (0)
Add Comment