Таразда электр станциясы іске қосылады

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Тараз» индустриялық аймағында салынып жатқан қуаты 45 МВт электр станциясының құрылыс барысымен танысты.

Электр станциясы индустриялық аймақтың инженерлік-көлік инфрақұрылымын қамтамасыз ету мақсатымен салынуда. Жаңа нысанның электр қуатын жалпы инвестициялық құны 235,6 млрд теңгені құрайтын 12 жобаға беру жоспарланған.
Жобаның мердігері – «АСПМК-519» ЖШС. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстарының 60 пайызы орындалған. Қажетті электр жабдықтарының барлығы толық жеткізілді.
Өңір басшысы құрылыс жұмыстарының сапалы әрі жоба талаптарына сәйкес жүргізілуін қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар жұмысшылар санын арттырып, құрылыс қарқынын жеделдету және нысанды белгіленген мерзімде аяқтау жөнінде нақты міндеттер жүктеді.
Электр станциясын 2026 жылғы 15 желтоқсанға дейін іске қосу жоспарланған.
Айта кетейік, қазіргі таңда «Тараз» индустрия- лық аймағында жалпы құны 303 млрд теңгені құрайтын 31 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Жобаларды іске қосу нәтижесінде 2 659 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген.
Жалпы, облыстағы индустрия- лық аймақтардың инженерлік инфрақұрылыммен қамтылған аумағы 276 гектарды құрайды. Оның 87,5 пайызы бүгінде игерілген.

Ақбота НҰРСЕЙІТҚЫЗЫ

Comments (0)
Add Comment