Дарынды балаларға арналған IT мамандандырылған лицейінде қазақ кино өнерінің көрнекті өкілі, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері, белгілі кинорежиссер Абдолла Қарсақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Қазақ кино өнерінің саңлағы» танымдық кеш өтті.
Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлері білім алушыларға қазақ киносының дамуына елеулі үлес қосқан режиссердің өмірі мен шығармашылық жолы туралы кеңінен мағлұмат берді. Кеште Абдолла Қарсақбаевтың режиссерлік қолтаңбасын танытатын фильмдерінен үзінділер көрсетіліп, олардың мазмұны мен көркемдік ерекшеліктері таныстырылды.
Кездесу барысында білім алушылар режиссердің қазақ киносына қосқан үлесі, ұлттық құндылықтарды экран арқылы жеткізудегі шеберлігі туралы тың ақпараттармен танысты.
Танымдық кештің негізгі мақсаты – жас ұрпаққа қазақ киносының тарихын таныту, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру және көрнекті өнер тұлғаларының шығармашылық мұрасын насихаттау.
Абдолла Қарсақбаевтың шығармашылығы – қазақ киносының алтын қорындағы құнды мұра.