Жаңа конституция – ел дамуының жаңа кезеңі

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енді. Бұл – еліміздің қоғамдық-саяси және құқықтық дамуындағы маңызды тарихи кезең. Жаңа Ата Заң мемлекет пен қоғам арасындағы өзара жауапкершілікті нығайтып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету және елдің тұрақты дамуына жағдай жасау бағытындағы негізгі қағидаттарды айқындайды.

Конституция – мемлекеттің құқықтық негізі ғана емес, қоғамның даму бағытын белгілейтін басты құжат. Сондықтан оның нормалары мен қағидаттарын халық арасында кеңінен түсіндіру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және конституциялық құндылықтарды күнделікті өмірде орнықтырудың маңызы зор.

Жаңа Конституцияда адамның қадір-қасиеті, құқықтары мен бостандықтарын сақтау басты құндылықтардың бірі ретінде айқындалады. Бұл өз кезегінде мемлекеттік органдардың азаматтармен өзара қарым-қатынасында ашықтық, жауапкершілік және заң талаптарын қатаң сақтау қағидаттарының маңызын арттырады.

Заң үстемдігі – тұрақты мемлекеттің негізгі тіректерінің бірі. Қоғамдағы кез келген мәселенің заң аясында шешілуі, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы қоғамдық сенімді қалыптастырады. Осы тұрғыдан алғанда, Конституция талаптарын сақтау тек мемлекеттік органдардың міндеті емес, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі болып табылады.

Жергілікті атқарушы органдар үшін де жаңа конституциялық кезең нақты міндеттер жүктейді. Аудан көлемінде мемлекеттік саясатты іске асыру барысында тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарына жедел ден қою, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, әлеуметтік мәселелерді шешу, елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту және азаматтармен ашық диалог орнату басты бағыттардың қатарында қала береді.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы да конституциялық құндылықтармен тікелей сабақтас. Халықтың тұрмыс сапасын арттыру, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шаруашылығын дамыту, білім беру мен денсаулық сақтау салаларының сапасын жақсарту – тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды міндеттер.

Әсіресе, жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға ерекше назар аударылуы қажет. Жастардың заңды білуі, өз құқықтары мен міндеттерін түсінуі, қоғамдық өмірге белсенді араласуы – елдің болашағы үшін маңызды. Осы бағытта білім беру ұйымдарында, жастар ортасында және қоғамдық алаңдарда Конституцияның мәні мен маңызын түсіндіруге бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.

Жаңа Конституцияның күшіне енуі – тек құқықтық өзгеріс емес, қоғамның ортақ жауапкершілігін арттыратын жаңа кезең. Әрбір азамат Ата Заңда бекітілген құқықтарын біліп қана қоймай, заң талаптарын сақтап, қоғамдық тұрақтылық пен ел бірлігін нығайтуға өз үлесін қосуы қажет.

Біздің басты міндетіміз – Конституцияда бекітілген қағидаттарды нақты іспен сабақтастырып, аудан тұрғындары үшін қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру. Бұл бағыттағы жұмыстардың барлығы халықтың әл-ауқатын арттыруға, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтауға және өңірдің орнықты дамуына бағытталатын болады.

Comments (0)
Add Comment