Сайлауға қатысу – азаматтық жауапкершілік

Бүгін еліміз үшін маңызды саяси науқан – Құрылтай депутаттарының сайлауы өтуде. Осыған орай «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Жалил Аббосов сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.

Жалил Аббосов дауыс беру арқылы әр азаматтың ел өміріндегі маңызды мәселелерге өз көзқарасын білдіруге мүмкіндігі бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, сайлауға қатысу – азаматтық жауапкершіліктің бір көрінісі.

Ол саяси науқанның маңызы, азаматтардың белсенділігі және ел болашағына деген жауапкершілік туралы өз пікірін білдірді.

Сайлау – әр азаматтың өз таңдауын білдіретін маңызды кезең. Белсенділік танытып, ел болашағына бейжай қарамау – баршаға ортақ міндет.

Comments (0)
Add Comment