101 жастағы қала тұрғыны өз таңдауын жасады

Тараз қаласының 101 жастағы тұрғыны София Мурхашимова өз азаматтық таңдауын жасады.

Жасы ұлғайған қарияның үйіне сайлау жәшігі жеткізіліп, ол дауыс беруге қатысып, өз таңдауын білдірді.

София Мурхашимова елдің болашағы мен Қазақстанның одан әрі гүлденуі үшін саяси өзгерістерді қолдайтынын айтты.

«Еліміздің болашағы жарқын болсын. Жастарымыздың жағдайы жақсы болып, Қазақстанымыз дами берсін», – деді ғасыр жасаған қария.

Comments (0)
Add Comment