Бүгін «Шаңырақ» шағынауданының тұрғындары азаматтық белсенділіктерін танытып, №89 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасауда.
Дауыс беру №57 орта мектеп ғимаратында орналасқан сайлау учаскесінде ұйымдастырылды. Сайлау учаскесінде тұрғындарға дауыс беру тәртібі түсіндіріліп, барлық қажетті жағдайлар жасалған.
Шағын аудан тұрғындары өз азаматтық құқықтарын пайдаланып, ел болашағына қатысты маңызды таңдауға өз үлестерін қосуда.
Сайлау учаскесінде дауыс беру процесі белгіленген тәртіпке сәйкес жүргізілуде.