Тараздағы №36 сайлау учаскесінде қала жастары «Құрамыз» акциясын ұйымдастырды.
Акция барысында жастар Қазақстан картасын пазл бөлшектері арқылы құрастырып, Құрылтайдың маңызы мен ел болашағына қатысты өз ойларын ортаға салды.
Шараның негізгі мақсаты – жастардың қоғамдық белсенділігін арттырып, ел бірлігі мен ортақ құндылықтарды дәріптеу.
Сондай-ақ сайлау учаскесіне келген тұрғындар мемлекеттік маңызы бар саяси науқанның маңыздылығына тоқталып, өз пікірлерін білдірді.