Тәуелсіздік құрдасы Абдукадир Исламов №36 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Ол сайлаудың ел болашағы үшін маңызы зор екенін атап өтті.
№36 сайлау учаскесінде жалпы 2073 сайлаушы дауыс беруге құқылы.
Тәуелсіздік құрдасының сайлау учаскесіне келіп, азаматтық таңдауын жасауы – жас ұрпаққа үлгі боларлық маңызды қадам.