Қаламгер Елен Әлімжан саяси науқаннан қалыс қалмады

Тараз қаласындағы №58-сайлау учаскесінде тұрғындар өз таңдауларын жасап, саяси науқанға азаматтық белсенділік танытуда. Солардың қатырында қабырғалы қаламгер, драматург ел ағасы Елен Әлімжан да бар.

– Мен өзім дауыс берген кезде партиялардың немесе азаматтардың әртүрлі пікірде болғанын қалаймын. Сайлаудың әділетті болуы дамып келе жатқан егеменді еліміздің болашағын жарқын, келешегін  кемел етудің түп негізі деп ойлаймын. Сондықтан өз таңдауымды жасадым, — деді драматург.

Айта кетейік, дәл осы сайлау учаскесінде айрықша мерекелік көңіл-күй қалыптасқан. Оған дәлел –«Асыл ана» әжелер тобының дәстүрлі әндер топтамасы.

Осы участіктің  басшысы  Қиял Абитованың айтуынша, №58-ші участікте 1 763 сайлаушы бар. Сағат тілі 11:00-дегі жағдай бойынша 100-ден астам сайлаушы келіп өз таңдауларын жасап үлгерген. Қазіргі таңда айлаушылар легі басылған жоқ. Азаматтардың  таңдауы әрі қарай жалғасуда.

Еске салайық, өңірде жалпы саны 520 сайлау учаскесі қалыпты жұмыс істеп тұр.

Comments (0)
Add Comment