№68 сайлау учаскесінде алғаш рет дауыс бергендердің қатарында Нұрай Шалқыған да бар.
Нұрай Қуандыққызы таяуда ғана 18 жасқа толып, кәмелетке толған азамат ретінде өзінің алғашқы сайлауына қатысып, ел болашағына қатысты азаматтық таңдауын жасады.
«Биыл мен 18 жасқа толып, алғаш рет сайлауға қатысып, өз дауысымды бердім. Бұл мен үшін ерекше әрі жауапты сәт болды. Бұған дейін сайлауға ата-анамның, үлкендердің қатысып жүргенін көретінмін. Ал бүгін өзім де дауыс беріп, азамат ретінде таңдау жасау мүмкіндігіне ие болдым. Алғаш рет дауыс берген кезде аздап толқыныс болды. Себебі бұл менің жеке азаматтық ұстанымымды білдіретін алғашқы қадамым деп қабылдадым. Өз таңдауымды саналы түрде жасауға тырыстым. Менің ойымша, әрбір азамат өзінің дауыс беру құқығына жауапкершілікпен қарап, елдің болашағына бейжай қарамауы керек. Бұл күн менің есімде ұзақ сақталады деп ойлаймын. Өйткені 18 жасқа толғаннан кейінгі алғашқы сайлауым азаматтық өмірімдегі маңызды кезеңдердің біріне айналды», – дейді Нұрай Қуандыққызы.
Айта кетейік, өңірде жалпы саны 520 сайлау учаскесі қалыпты жұмыс істеп тұр.