Бүгін еліміз үшін тарихи маңызы зор Құрылтай күні аясында №80 сайлау учаскесінде дауыс беру үдерісі белсенді әрі қарқынды өтуде.
Таңмен бірге учаскеге келген тұрғындар өз азаматтық таңдауын жасап, ел болашағына қатысты маңызды шешімге өз үлестерін қосуда.
Сайлаушылар үшін барлық қажетті жағдай жасалып, дауыс беру рәсімі белгіленген талаптарға сәйкес ұйымдастырылған. Учаскеде қоғамдық белсенділік жоғары, тұрғындардың қатысуы да айқын байқалады.
Әр дауыс – ел болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі.
Құрылтай күні – елдік пен бірлікті дәріптейтін тағылымды күн. Бүгінгі белсенділік – тұрғындардың ортақ іске деген азаматтық жауапкершілігінің айқын белгісі.