Бүгін елімізде Құрылтай депутаттарының сайлауы өтуде.
Осыған орай Жібек жолы ауданының әкімі Қарлығаш Аралбекова өзінің сайлау учаскесіне барып, таңдауын жасады.
Аудан әкімі сайлау – әр азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін білдіретін маңызды қоғамдық үдеріс екенін атап өтті.
Қарлығаш Әмірқызы тұрғындарды белсенді түрде дауыс беруге шақырып, сайлау учаскелерінде азаматтардың өз таңдауын еркін жасауына барлық жағдай жасалғанын жеткізді.
Бүгінгі сайлау – елдің ертеңіне бағытталған ортақ таңдау мен азаматтық жауапкершіліктің көрінісі.