Филология ғылымдарының докторы, профессор, жазушы Сәмен Құлбарақ №10 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.
Қаламгер Құрылтай сайлауының мәні мен маңызына тоқталып, бұл бастаманың ел өміріндегі өзекті мәселелерді талқылап, қоғамның пікірін ескеруге мүмкіндік беретін маңызды қадам екенін атап өтті.
Сәмен Құлбарақ азаматтық жауапкершіліктің маңызын айтып, тұрғындардың сайлау үдерісіне белсенділігін азаматтық жауапкершілік деп атап өтті.