Бүгін «Шайқорық» алқабының тұрғыны Базарбек Рахымбердиев туған күнінде өз азаматтық таңдауын жасап, Құрылтай сайлауында дауыс берді.
«Құрылтай сайлауы – ел үшін маңызды. Сондықтан азаматтық борышымды орындап, өз дауысымды бердім. Бүгінгі туған күніммен қатар ел өміріндегі маңызды саяси науқанға қатысып отырғаныма қуаныштымын», – дейді Базарбек Рахымбердиев.
Айта кетейік, №163 сайлау учаскесінде 2 023 сайлаушы тіркелген.
Ел болашағы әр азаматтың таңдауынан басталады!