Аудандардың ажарын ашу – айрықша назарда

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков Тараз қаласындағы бірқатар нысанды аралады. Шаһар басшысы әуелі Қ.Сәтбаев көшесі мен «Ұлы дала» шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларымен танысып, санитарлық тазалығын тексерді.

Аралау барысында қала әкімі тазалық мәселесі тек коммуналдық қызметтердің ғана емес, тұрғындардың да ортақ міндеті екенін ерекше атап өтті. Шаһар басшысының айтуынша, әрбір тұрғын өзі тұратын үйдің ауласына, қоршаған ортасына жанашырлықпен қарап, қоғамдық тәртіп пен тазалықты сақтауға атсалысуы қажет. Осы бойынша аудан әкімдігіне халық арасында санитарлық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.
Бұдан кейін қала әкімі қоқыс алаңдарының жағдайымен де таныс- ты. Кейбір орындарда тұрмыстық қалдықтардың уақытылы тазаланбауы салдарынан тазалық талаптарының сақталмай отырғанын сынға алған Бақытжан Әмірбекұлы жауапты мекемелерге қоқысты күнделікті әрі белгіленген кестеге сәйкес шығарып отыруды тапсырды. Сонымен қатар қоқыс алаңдарының айналасын таза ұстау және олардың санитарлық жағдайын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін атап айтты.
Келесі кезекте шаһар басшысы «Ұлы дала» шағынауданында жүргізілген көгалдандыру жұмыстарын көріп шықты. Мұнда отырғызылған жас көшеттердің жай-күйімен танысқан қала әкімі ағаш отырғызумен ғана шектелмей, оларды күтіп-баптау жұмыстарының да сапалы ұйымдас- тырылуы аса маңызды екенін жеткізді.
Сондай-ақ шаһар басшысы «Түйте» каналына да барды. Еске сала кетейік, осыдан бірер жыл бұрын канал аумағында ауқымды абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, жағалауы толықтай жаңартылған болатын. Соның нәтижесінде канал аумағы бүгінде тұрғындардың серуендеп, демалатын көрікті орындарының біріне айналды.
Қала әкімі өз кезегінде жауапты мекемелерге канал бойындағы тазалықты тұрақты қамтамасыз ету, тұрмыстық қалдықтарды дер кезінде шығару, жасыл желекті күтіп-баптау және аумақтың санитарлық жағдайын үздіксіз бақылауда ұстау жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Сонымен қатар Бақытжан Орынбеков Абай даңғылындағы №170 үйге арнайы барып, тұрғындармен жүздесті. Кездесу барысында қала әкімі тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, оларды өз аулаларының тазалығын сақтауға, қоғамдық мүлікке ұқыпты қарап, ортақ іске белсенді қатысуға шақырды.
Содан соң шаһар басшысы «Алатау» (8) және «Арай-2» шағынаудандарындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын аралап көрді. Мұнда аула аумақтарының санитарлық жағдайына, балалар ойын алаңдарының тазалығына және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстарға ерекше назар аударылды.
Осыған байланысты жауапты бөлім басшылары мен мердігер мекемелерге аумақтарды күнделікті тазалау жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыруды, қоқыстың уақытылы шығарылуын қамтамасыз етуді және тұрғындар арасында қоршаған ортаны таза ұстау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Сондай-ақ шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков «Қызылабад» алабына арнайы барып, «Жасыл белдеу» бағдарламасы аясында егілген ағаштардың жай-күйімен де таныс- ты. Мұнда көшеттердің жерсіну деңгейі, суару жүйесінің ұйымдастырылуы және күтіп-баптау жұмыстары жан-жақты қаралды.
Айта кетейік, қаланы кешенді көгалдандыру және жасыл аймақтардың көлемін ұлғайту мақсатында арнайы «Жасыл белдеу» бағдарламасы қабылданған. Бағдарлама аясында Тараздың экологиялық ахуалын жақсарту, ауа сапасын арттыру, тұрғындарға жайлы әрі жасыл орта қалыптастыру көзделген.
Биыл аталған бағдарлама шеңберінде аталмыш алапқа 10 мың түп ағаш көшеті отырғызылды. Күзгі көгалдандыру маусымында бұл жұмыстар жалғасып, тағы 10 мың түп ағаш егу жоспарланып отыр. Сонымен қатар шаһардың орталық көшелерін, саябақтарын, аллеялары мен скверлерін көгалдандыру жұмыстары да қарқынды жалғасуда. Биыл бұл аумақтарға қосымша 8 мың түп ағаш отырғызу көзделуде.
Қала басшысы жауапты сала мамандарына егілген әрбір ағаштың сақталуын қамтамасыз етуді, олардың уақытылы суарылып, күтіп-бапталуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды. Сондай-ақ көгалдандыру жұмыстарының сапасына ерекше мән беріліп, оларға барлық қажетті жағдай жасалуы керектігін атап өтті.
Сонымен қатар Бақытжан Әмірбекұлы «Алатау» (8) шағынау- данында жүргізіліп жатқан жылу желілерін жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты. Шаһар басшысы құрылыс жұмыстарының сапасына ерекше назар аударып, тұрғындарға қолайсыздықты барынша азайту қажеттігін атап өтті. Әсіресе, көлік қозғалысы мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құрылыс алаңдарының санитарлық тазалығын сақтау, сондай-ақ жұмыстар аяқталғаннан кейін жол жабындысы мен абаттандыру нысандарын қысқа мерзімде бұрынғы қалпына келтіруді тапсырды. Сонымен қатар барлық жұмыстар белгіленген мерзімде әрі сапалы орындалуға тиіс екенін айтып, жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеді.
Айта кетейік, соңғы жылдары Таразда жылу желілерінің техникалық жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Тозығы жеткен құбырларды кезең-кезеңімен ауыс- тыру және заманауи технологияларды енгізу нәтижесінде инженерлік инфрақұрылым жаңартылуда.
Мәселен, биыл «Самал» шағынау- данында жалпы ұзындығы 4,4 шақырымды, ал «Алатау» шағынауданында ұзындығы 7,3 шақырымды құрайтын ішкі кварталдық жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыс- тары қарқынды жүргізілуде. Осы жұмыстардың нәтижесінде Тараз қаласындағы жылу желілерінің тозу деңгейі 51 пайызға дейін төмендейді деп күтілуде.
Бұл жұмыстар Тараз қаласының инженерлік инфрақұрылымын жаңғыр- тып қана қоймай, алдағы жылыту маусымында тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз жылумен қамтамасыз етуге, апаттық жағдайлардың алдын алуға және коммуналдық қызметтердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Құрбанәлі ШАХАБАЙ

Comments (0)
Add Comment