Президент Жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиаданың жұмысымен танысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Жасанды интеллект бойынша ІІІ халықаралық олимпиада аясында ұйымдастырылған іс-шараларға қатысып, олимпиаданың құрылымымен, байқау тапсырмаларымен және автономды роботтың мүмкіндіктерімен танысты.

Халықаралық олимпиада 2-8 тамыз аралығында Астана қаласында өтуде. Беделді білім додасына әлемнің 106 елінен келген 500-ден астам дарынды оқушы қатысып жатыр. Қатысушылар жасанды интеллект үлгілерін әзірлеу және автоматты роботтарды бағдарламалау бағыттары бойынша өзара бақ сынайды.

Салтанатты рәсім барысында Sinovation Ventures және 01.AI компанияларының бас директоры Ли Кай Фу, Жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиада кеңесінің төрағасы Елена Маринова, Қазақстанның спорттық бағдарламалау федерациясының президенті Бағдат Мусин, Kaspi.kz негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе және Freedom Holding Corp. компаниясының бас атқарушы директоры Тимур Турлов сөз сөйледі.

Жасанды интеллект бойынша ІІІ халықаралық олимпиада жас зерттеушілердің білімін шыңдап, тәжірибе алмасуына мүмкіндік беретін халықаралық алаңға айналып, заманауи технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған маңызды шаралардың бірі саналады.

Comments (0)
Add Comment