Жамбыл жастарының болашағы жарқын

Жастар – кез келген мемлекеттің ең басты стратегиялық капиталы, елдің ертеңі мен ұлттың болашағы. Сондықтан жастарды жан-жақты қолдау, олардың білім алып, еңбек етуіне, кәсіп бастауына, шығармашылық және қоғамдық өмірге белсенді араласуына жағдай жасау – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.

Қазақстанда жастар саясаты жыл сайын жаңа мазмұнмен толығып келеді. Мемлекет жастардың сапалы білім алуына, жұмыспен қамтылуына, тұрғын үйге қол жеткізуіне, кәсіпкерлікпен айналысуына және өз қабілеттерін толық жүзеге асыруына қолдау көрсетіп отыр. Бұл бағытта түрлі мемлекеттік бағдарламалар іске асырылып, жастардың бастамаларына гранттар бөлініп, жеңілдетілген несиелер ұсынылуда. Сонымен қатар еріктілер қозғалысын дамытуға, талантты жастарды қолдауға және олардың халықаралық деңгейде тәжірибе жинақтауына ерекше көңіл бөлінуде.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та жастар мәселесіне әрдайым айрықша назар аударып келеді. Президент 2023 жылы Ақордада Республика күніне орай сөйлеген сөзінде:
– Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Саяси және әлеуметтік-экономикалық реформа қоғамдық сананың түбегейлі өзгерісіне ұласуы керек. Мен Түркістанда өткен Құрылтайда сөйлеген сөзімде жаңа қоғамдық этика туралы айттым. Алқалы жиыннан соң Құрылтайдың кейбір мүшелері маған өз ұсыныстарын жолдады. Олар елімізде құндылықтар жүйесін қалыптастыру қажеттігіне назар аударуда. Шын мәнінде, мұны өте маңызды бастама деп ойлаймын. Оны жан-жақты талқылап, қарастыруымыз керек. Мен бұған дейін Адал азамат ұғымын ұсындым. Осы орайда жастарымызға арнайы Үндеу жолдағым келеді. Елімізде жүзеге асырылып жатқан әрбір бастама, ең алдымен, Сіздерге арналады. Қазіргі реформалардың игілігін көретін де, елдік істерді жалғастыратын да – сіздер.
Шын мәнінде, кез келген мемлекетті тұрғындарына қарап бағалайды. Яғни, біздің қандай ел боларымыз өскелең ұрпаққа байланысты. Сондықтан жастарымыз отаншыл, білімпаз, еңбекқор, үнемшіл, әділ әрі жанашыр болуы қажет. Жастар спортпен, дене шынықтырумен айналысуы керек. Мен мұны үнемі айтып жүрмін. Осы құндылықтарды барынша насихаттап, тарату қажет. Сонда жеке адамның қасиеті тұтас ұлттың қасиетіне айналады.
Әр нәрсені бойына тез сіңіреді. Мен сіздерді жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге шақырамын. Ұлы Абай айтқан бес нәрседен қашық, бес нәрсеге асық болыңыздар. Сіздер дәріптеген құндылықтар қоғамда тез орнығады. Сіздер қолдаған өзгерістер жылдам жүзеге асады. Бәріміздің тілегіміз – бір, бұл – қоғамымызда жаппай әділеттік орнату. Ендеше, мақсатымызға бірге жетейік. Мен жас ұрпақтың жасампаздық қуатына сенемін. Өздеріңіз сияқты саналы ұл-қыздары бар Қазақстан өркениет көшінің басында болары сөзсіз, – деген болатын.
Бұл – мемлекет ұстанып отырған жастар саясатының негізгі бағытын айқындайтын маңызды тұжырым. Себебі білімді, еңбекқор әрі отаншыл жастар ғана Қазақстанның тұрақты дамуына серпін беріп, елдің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыра алады.
Бүгінгі таңда жас ұрпақтың алдында мол мүмкіндік бар. Қазіргі жастар – цифр- лық ортада қалыптасқан жаңа буын. Олар ақпаратты жылдам қабылдайды, заманауи технологияларды еркін меңгеріп, жаңа мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға ұмтылады. Бүгінде әлеуметтік желілер, онлайн платформалар мен түрлі цифрлық сервис- тер жастардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Соның нәтижесінде білім алу, кәсіби даму, мемлекеттік қызметтерді пайдалану және жұмысқа орналасу үдерісі бұрынғыдан әлдеқайда жеңіл әрі қолжетімді болды.
Әсіресе, еңбек нарығындағы цифрландыру жастар үшін жаңа көкжиектерге жол ашты. Егер бұрын жұмыс іздеу үшін түрлі мекемелерді аралап, құжаттарын қолына ұстап жүретін болса, бүгінде үйден шықпай-ақ интернет арқылы бос жұмыс орындарын қарап, түйіндемесін жолдап, онлайн әңгімелесуден өте алады. Элект- рондық еңбек биржасы мен басқа да цифрлық платформалар жастарға өз мамандығына сай қызметті қысқа уақыт ішінде табуға мүмкіндік беріп отыр.
Мұның барлығы – мемлекетіміздің жастарды қолдау бағытында жүргізіп отыр- ған жүйелі саясатының нақты нәтижесі. Цифрлық инфрақұрылымды дамыту, мемлекеттік қызметтердің электрондық форматқа көшуі, жұмыспен қамту саласындағы жаңа сервистердің енгізілуі жас буынның уақытын үнемдеп қана қоймай, олардың еңбек нарығына еркін әрі ашық қол жеткізуіне жол ашуда. Бұл қатарда жалынды Жамбыл жастары да бар.
Тараз қалалық Мансап орталығының мәліметінше, ағымдағы жылы «Еңбек нарығын дамыту тұжырымдамасы» аясында тұрақты жұмысқа орналастыру бойынша 7 269 адамды қамту жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін автоматтандырылған жүйе арқылы 3 227 азамат тұрақты жұмысқа орналасып, жоспардың 44,4 пайызы орындалған. Сонымен қатар субсидияланатын жұмыс орындары бойынша 1 895 адамды қамту көзделіп, қазіргі таңда 1 334 азамат уақытша жұмыспен қамтылған.
Жастардың жұмыспен қамтылуына қатысты көрсеткіштер де оң динамиканы көрсетіп отыр. Жыл басынан бері тұрақты жұмыс орындарына 1 481 жас орналасқан. Сонымен бірге жастар тәжірибесіне – 111 жас, қоғамдық жұмыстарға – 367 жас, әлеуметтік жұмыс орындарына 8 жас жолданған. «Бастау Бизнес» жобасы арқылы 194 жас кәсіпкерлік негіздерін меңгерсе, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 53 жас қатысқан. Онлайн оқыту курстарына 96 жас тартылған. Бұл көрсеткіштер жастарға арналған мүмкіндіктердің бар екенін көрсетеді. Ең бастысы – сол мүмкіндікті дұрыс пайдалану.
Сонымен бірге жастардың еңбек жолын бастауына арналған бағдарламалардың ішінде «Алғашқы жұмыс орны» мен «Жастар тәжірибесі» жобаларының маңызы ерекше. Көптеген жас маман үшін алғашқы жұмыс орны – тек табыс табатын орын емес, кәсіби қалыптасу кезеңі. Дәл осы уақытта адам өз саласының ерекшелігін түсінеді, жауапкершілікті сезінеді, әріптестермен қарым-қатынас орнатуды және жұмыс үдерісіне бейімделуді үйренеді.
«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы жоғары және техникалық оқу орындарын тәмамдаған түлектерге алған мамандығы бойынша еңбек өтілін жинақтауға мүмкіндік береді. Ал «Алғашқы жұмыс орны» жобасы еңбек өтілі жоқ жастарға алғашқы қадам жасауға мүмкіндік береді. Себебі қазіргі еңбек нарығында тәжірибе талап етілетін жағдайда мұндай бастамалардың жас буын үшін берері мол.
Бүгінде өңірде 357 мыңнан астам жас тұрады. Бұл облыс халқының шамамен үштен бір бөлігін құрайды. Мұндай көрсеткіш жастардың аймақтағы әлеуметтік және экономикалық дамудағы маңызды рөлін көрсетеді. Жастардың әлеуетін арттыру, олардың шығармашылық және кәсіби дамуына жағдай жасау мақсатында облыста жастар ресурстық орталықтары, түрлі білім беру алаңдары, коворкинг орталықтары және жастар ұйымдары жұмыс істейді.
Жыл басынан бері облыс бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларына мыңдаған жас тартылып, олардың кәсіби мүмкіндігін арттыруға бағытталған жобалар жүзеге асырылуда. Сонымен қатар жастардың қоғамдық белсенділігін арттыру, волонтерлік қозғалысты дамыту, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бағытындағы жұмыстар да маңызды орын алады.
Тараз қаласындағы жастарға арналған бастамалар да осы бағыттағы нақты жұмыс- тардың бірі. Жастарға кеңес беру алаңдары, бос жұмыс орындары жәрмеңкелері, кәсіби бағыт беру кездесулері ұйымдастырылып, олардың еңбек нарығына бейімделуіне жағдай жасалуда. Бұл жұмыстардың барлығы жастардың тек жұмыс табуына емес, өз мүмкіндігін анықтап, болашақ бағытын таңдауға көмектеседі.
Мемлекет түрлі бағдарламалар арқылы қолдау көрсетеді. Білім алуға, тәжірибе жинауға, кәсіп бастауға және кәсіби дамуға мүмкіндік береді. Бірақ сол мүмкіндікті нақты нәтижеге айналдыратын – адамның өзінің талпынысы мен еңбегі. Өйткені болашақ дайын күйінде келмейді. Оны әр адам өз еңбегімен қалыптастырады.
Сонымен қатар жастардың бойында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, патриоттық рухты қалыптастыру, заңға құрмет пен жауапкершілік сезімін нығайту да аса маңызды. Себебі ел тағдырына бейжай қарамайтын, білімді әрі саналы ұрпақ қана мемлекетіміздің тұрақты дамуына үлес қоса алады.
Әрине, жастарға жасалған әрбір қолдау – елдің келешегіне салынған инвестиция. Сондықтан мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, білім мен еңбекті серік еткен жас буын Қазақстанның жаңа даму кезеңінің басты қозғаушы күшіне айналары сөзсіз.

Мәдина АҚТАНОВА,
облыс әкімдігінің ақпарат және
қоғамдық даму басқармасының
«Шерхан Мұртаза атындағы
баспасөз үйі (Өңірлік
коммуникациялар қызметі)» КММ
«Қоғаммен байланыс»
бөлімінің басшысы

облыс әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының
«Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі (Өңірлік коммуникациялар қызметі)» КММ
«Қоғаммен байланыс» бөлімінің басшысы

Comments (0)
Add Comment