Мемлекеттік қызмет мінсіз көрсетіледі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, Тараз қаласының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай – ЖАО) 47 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.
Оның ішінде:
– қағаз түрінде – 3 қызмет түрі (7%);
– электронды түрде – 44 қызмет (93%).
2026 жылдың ІІ тоқсанында қала бойынша ЖАО 18 146 мемлекеттік қызмет көрсетілген.
Оның ішінде:
– электронды түрде – 17 945 қызмет (98,9 %);
– қағаз түрінде – 201 қызмет (1,1%).
Осы мерзімде ЖАО қызмет берушілері 2 818 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері – қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтыр- мауы.
2026 жылдың ІІ тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген.
Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер болған жоқ.
ЖАО есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 165 түсіндірме іс-шаралар жүргізілді (насихаттау, семинар-кеңес- тер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер).
Мемлекеттік көрсетілетін қыз- меттер сапасына ішкі бақылау жүргізудің 2026 жылға арналған жоспарына сәйкес, ІІ тоқсанда Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінде 2026 жылдың 22 мамыр 4 маусым аралығында ішкі бақылау іс-шаралары жүргізілді.

А.АЛИМБЕТОВА,
Тараз қаласы әкімі аппаратының
мемлекеттік көрсетілетін қызметті мониторингілеу
бөлімшесінің басшысы

Comments (0)
Add Comment