Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі”Парыз” конкурсын өткізудің ережелері

1. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі “Парыз” конкурсы (бұдан әрі – конкурс) халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.
Конкурсты өткізудің мақсаттары:
1) жеке кәсіпкерлік субъектілерін өз қызметкерлері үшін, сол секілді тұтас алғанда қоғам үшін де әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталандыру;
2) осы саладағы қолда бар оң тәжірибені көрсету және кеңінен тарату.
Жеке кәсіпкерлік субъектілері (бұдан әрі – үміткерлер) қатыса алатын конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өткізіледі.
Мемлекеттің акциялары, жарғылық капиталдарындағы қатысу үлесі 50 проценттен асатын ұйымдар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

2. Конкурстың жеңімпаздарын айқындау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) шешімі негізінде лауреаттар атақтары жыл сайын мынадай:
1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі;
2) ірі кәсіпкерлік субъектісі санаттары бойынша беріледі.
3. Үміткерлер тұтас алғанда қоғамның және соның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектісі қызметкерлерінің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған, өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін растайтын әлеуметтік бағдарламаларын ұсынуға тиіс.
Бағдарламалар мен олардың жобаларына үміткерлер дербес және/немесе азаматтық қоғам институттарымен және жергілікті атқарушы органдармен әріптестікте жүзеге асыратын және әлеуметтік салада оң өзгерістерге қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар кіреді.
Әлеуметтік жауапкершілік бәсекеге қабілеттілікті арттыруға тиіс.
2-тарау. Конкурсты өткізу тәртібі

4. Конкурстың ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы (бұдан әрі – ұйымдастырушылар) болып табылады.
4-1. Конкурс жыл сайын осы ережелердің 13-тармағында көрсетілген номинациялар бойынша өңірлік және республикалық деңгейлерде өткізіледі.
Конкурстың өңірлік және республикалық кезеңдеріне қатысу тегін болып табылады.
5. Үміткерлер материалдарды осы ережелерге сәйкес ресімдейді және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарына қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынады.

6. Конкурсқа катысуға:
1) қызметін кемінде үш жыл жүзеге асыратын;
2) таратылу сатысында тұрмаған, банкрот деп танылмаған;
3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының жойылмаған бұзушылықтары, оның ішінде қызметкерлерге жалақы және басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ;
4) қызметкерлермен ұжымдық еңбек даулары жоқ;
5) Қазақстан Республикасының аумағында саяси, кәсіподақ және діни ұйымдарды қолдауға бағытталуға тиіс емес әлеуметтік және қайырымдылық қызметті жүзеге асыратын;
6) конкурсқа қатысуға өтінімінде дәйекті мәліметтерді көрсеткен, сондай-ақ құжаттарды толық көлемде ұсынған үміткерлер жіберіледі.

7. Ұйымдастырушылар:
1) барлық үміткерлер үшін тең шарттарды;
2) коммерциялық құпияны білдіретін ақпараттың құпиялылығын;
3) оларды ресми түрде жариялайтын күннен бұрын конкурстың нәтижелері туралы мәліметтердің жария етілмеуін қамтамасыз етеді.
8. Конкурсты өткізу мерзімдері:
1) қаңтар – конкурстың басталуы туралы хабарлау;
2) жыл сайын 1 шілдеге дейін – жергілікті атқарушы органдардың өтінімдерді қабылдауы;
3) жыл сайын 1 қазанға дейін – жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссиялардың, республикалық маңызы бар қалалар және астана комиссияларының алдын ала жасаған қорытындыларын, конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін бір данада Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жіберуі;
4) желтоқсан – қорытындылар шығару, жеңімпаздарды марапаттау.

9. Жергілікті атқарушы орган:
1) конкурсты өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және бекітеді;
2) үміткерлердің өтінімдерін бағалау үшін құрамына облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ұлттық кәсіпкерлер палатасының, кәсіптік одақтардың аумақтық бірлестіктерінің өкілдері кіретін сараптамалық жұмыс тобын құрады;
3) конкурсты өткізу тәртібі туралы ұйымдарды хабардар етуді ұйымдастырады;
4) конкурстың өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын марапаттайды.

10. Конкурсқа катысу үшін үміткерлер жергілікті атқарушы органдарға материалдарды екі данада жолдайды, оларда:
1) осы ережелерге қосымшаға сәйкес толтырылған өтінім;
2) үміткердің өз қызметінің деңгейін өзін-өзі бағалауын және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелерін білдіретін есебі болады;
Үміткердің есебінде:
заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы;
ұйымдық құрылымы; өзге де қосымша ақпарат;
3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың көшірмесі және өзге де құжаттар);
4) Қазақстан Республикасының Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігі белгілеген және оның интернет-ресурсында орналастырылған нысанда толтырылған сауалнама болуы тиіс.
11. Үміткердің мүмкіндіктері мен қызмет нәтижелерін сипаттайтын өлшемдерді конкурсты ұйымдастырушылар айқындайды.
11-1. Жергілікті атқарушы орган тиісті мемлекеттік органдардан конкурсқа қатысуға өтінімдерде үміткерлер көрсеткен мәліметтердің дәйектілігін растайтын ақпаратты сұратады және үміткерлерді осы ережелердің 6-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексереді.
Үміткерлерге қойылатын талаптарға сәйкессіздіктер анықталған ретте конкурсқа қатысуға өтінімнің қабылданбағаны туралы жазбаша хабарлама жіберіледі.
11-2. Сараптамалық жұмыс топтары осы ережелердің 11-тармағында көрсетілген критерийлердің негізінде үміткерлердің өтінімдерін бағалауды жүргізеді және сараптамалық қорытындылар дайындайды.

11-3. Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссиялар, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың комиссиялары сараптамалық жұмыс топтарының қорытындылары негізінде алдын ала қорытынды жасайды және конкурстың өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын айқындайды.
Жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссиялардың, республикалық маңызы бар қалалар және астана комиссияларының алдын ала қорытындыларын, үміткерлердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жібереді.

12. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссиялардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астана комиссияларының алдын ала қорытындыларын қарағаннан кейін түпкілікті қорытынды жасап, оны үміткерлердің материалдарымен бірге Комиссияның қарауына ұсынады.
13. Комиссия ұсынылған материалдардың негізінде жеңімпаздарды анықтайды және мынадай номинациялар бойынша конкурстың лауреаттары атақтарын беру туралы шешім қабылдайды:
1) “Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын”.
Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы коғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдарды барынша көп мөлшерде жұмысқа орналастыру және тағы басқалар) іске асыратын үміткерлердің кызметі қаралады;
2) “Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын”.
Бұл номинацияда еңбек кызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады;
3) “Үздік ұжымдық шарт”.
Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады;
4) “Экологияға қосқан үлесі үшін”.
Бұл номинацияда қоршаған ортаның, қалдықтарды кәдеге жарату мен қайта өңдеудің жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын, іс-шараларын және жобаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.
Конкурста “Жылдың үздік әлеуметтік жобасы” арнайы сыйлығы бекітіледі.
Бұл арнайы сыйлықта бизнес іске асыратын, халықтың әлеуметтік осал және аз қамтылған топтарының жұмыспен қамтылуына және (немесе) тұрмыс жағдайларын жақсартуға ықпал ететін әлеуметтік жобалар қарастырылады.
13-1. Гран-при – конкурстың жоғары наградасы жұмыста және корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарын іске асыруда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізген үміткерге беріледі.
Гран-при “Ірі кәсіпкерлік субъектісі” және “Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі” санаттарында беріледі.
14. Конкурс лауреаттарына тиісті диплом, эмблема және айрықшалық белгісі (мүсінше) беріледі.
15. Конкурс лауреаттарын марапаттау рәсімі жыл сайын, салтанатты жағдайда өткізіледі.

16. Бұқаралық ақпарат құралдарында конкурсты өткізу туралы хабарландыруды, оның үміткерлерінің әлеуметтік мәселелерді шешудегі жетістіктерін, конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімдерін, сондай-ақ лауреаттардың тізімін жариялау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жәрдемдесуімен жүзеге асырылады.
16-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары конкурстың өңірлік кезеңін өткізу процесін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді және конкурстың республикалық кезеңіне қатысуға ұсынылатын үміткерлердің тізімін жариялауды қамтамасыз етеді.

16-2. Ұйымдастырушылар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары конкурс жеңімпаздарының үлгісінде әлеуметтік жауапкершіліктің үздік тәжірибесін таратуды ұйымдастырады.

17. Конкурс лауреаттары осы атақ берілгеннен кейін үш жыл бойы конкурс эмблемасын жарнамалық мақсаттарда пайдалану құқығын алады. Белгілі бір номинация бойынша конкурс лауреаты атағын алғаннан кейін екі жыл ішінде осы атақты алуға қайталап ұсынуға жол берілмейді.


Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі”Парыз” конкурсына қатысушының өтінімі

Тіркеу нөмірі __________
1. Заңды (жеке) тұлғаның атауы _______________________________________________
__________________________________________________________________________
БСН/ЖСН ________________________________________________________________
Тіркелген жері бойынша мекенжайы __________________________________________
Орналасқан жері бойынша мекенжайы _________________________________________
2. Ұйымның басшысы _______________________________________________________
(тегі, аты, бар болса, әкесінің аты)
ЖСН (шетелдік азамат үшін паспорт нөмірі) ____________________________________
3. Байланыс телефондары (телефондары, электрондық пошта мекенжайы және
факс нөмірі) _______________________________________________________________
4. Құжаттар мынадай номинацияға ұсынылады (астын сызыңыз):
“Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын”;
“Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын”;
“Үздік ұжымдық шарт”;
“Экологияға қосқан үлесі үшін”.
5. Ірі, орта, шағын кәсіпкерлік субъектісі (астын сызыңыз)
6. Сала ____________________________________________________________________
7. Қызметкерлерінің саны ____________________________________________________
8. Заңды (жеке) тұлғаның қызметі туралы қысқаша сипаттама (немен айналысады)
__________________________________________________________________________
9. Заңды (жеке) тұлғаның алған наградалары ____________________________________
10. Өтінімге ____ парақта сауалнама және қосымшалар қоса берілген
11. Ұсынылған материалдар мен көрсеткіштер дұрыс
Қолы
Күні

 

Comments (0)
Add Comment