Жүйелі жоспар нәтижелі жұмысқа жол ашады

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков төрағалық еткен кезекті аппарат кеңесінде тұрғындармен кері байланыс жұмыстары, қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері және бюджет қаражатының орындалу барысы талқыланды.

Кеңесте тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын қарау, халықпен тиімді байланыс орнату бағытында атқарылып жатқан жұмыс- тар баяндалды. Қала мен аудан әкімдіктері тарапынан әлеуметтік желілер, жеке қабылдау- лар, көшпелі кездесулер және «iKomek 109» платформасы арқылы келіп түскен мәселелерді зерделеу және шешу бойынша атқарылған жұмыстар сараланды.
Тұрғындармен кері байланыс барысында негізінен жолдардың жай-күйі, инженерлік инфрақұрылым, ауызсу, электр желілері, абаттандыру, санитарлық тазалық, балалар ойын алаңдары және коммуналдық қызметтерге қатысты мәселелер көтерілгені айтылды.
Атап айтқанда, Жібек жолы ауданында ауызсу жүйелерін жаңғырту, су басу қаупі бар аумақтардағы мәселелерді шешу, тозған балалар ойын алаңдарын жаңарту және қураған ағаштарды кесу жұмыстары өзекті бағыттардың қатарында екені атап өтілді. Ал Әулиеата ауданында жолдарды жөндеу, көше жарығын орнату, жаңа аумақтардың инфрақұрылымын дамыту және құрылыс жұмыстарының сапасын бақылау мәселелері тұрғындар тарапынан жиі көтерілген. Барлық өтініш бойынша жауапты мекемелерге тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы тұрақты бақылауға алынғаны баяндалды.
Сонымен қатар кеңес барысында Тараз қаласының 2026 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. Есепті кезеңде өнеркәсіп өндірісі, инвестиция тарту, тұрғын үй құрылысы және бөлшек сауда салаларында оң көрсеткіштер қалыптасқаны айтылды.
Қала бюджетінің бірінші жартыжылдықтағы орындалу барысы да талқыланды. Бюджет кіріс- тері мен шығыстарының игерілуі, бөлінген қаражаттарды тиімді пайдалану және бюджеттік бағдарламалардың орындалуы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берілді.
Аппарат кеңесі қорытындысы бойынша тұрғындармен кері байланысты одан әрі күшейту, көтерілген мәселелерді кезең-кезеңімен шешу, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету және бюджет қаражатын тиімді игеру бағытында жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар берілді.

Comments (0)
Add Comment