Қордай жастарының көкжиегі кең

Жастар – елдің ең белсенді, жаңашыл әрі жасампаз күші. Кез келген мемлекеттің бүгіні мен болашағы жастардың білім деңгейіне, азаматтық ұстанымына, еңбекқорлығына және қоғамдық белсенділігіне тікелей байланысты. Сондықтан жас буынды қолдау, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасау, сапалы білім мен тұрақты жұмыспен қамту, патриоттық рухын қалыптастыру және қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік беру – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі.

Бүгінде елімізде жастар саясатына ерекше көңіл бөлініп, жастардың әлеуетін арттыруға бағытталған ауқымды бағдарламалар мен жобалар жүзеге асырылуда. Бұл жұмыс- тардың негізгі мақсаты – бәсекеге қабілетті, білімді, жауапты әрі ел дамуына өз үлесін қоса алатын жаңа буын қалыптастыру. Әсіресе, жастар арасында жұмыссыздықтың алдын алу, кәсіпкерлікті дамыту, құқықтық сауаттылықты арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, еріктілік мәдениетін қалыптастыру және рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу бағытындағы жұмыстардың маңызы зор. Бұл бағытта Қордай ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.
Бүгінде Қордай ауданында 155 мыңнан астам халық тұрады. Оның ішінде 55 мыңнан астамы жастар санатына жатады. Бұл жалпы халық санының 35,7 пайызын құрайды. Жастардың 13 953-і аудан орталығында тұрса, 41 470-і ауылдық елді мекендерде тұрмыс кешуде. Осыған байланысты аудан жастарының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оларды кәсіпкерлікке тарту, жұмыссыздық деңгейін төмендету және әлеуметтік белсенділігін арттыру бағытында кешенді жұмыстар қолға алынған.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, аудан жастарына жан-жақты талдау жүргізілді. Айталық, «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесінің деректеріне сәйкес, жыл басында Қордай ауданында NEET санатындағы 16-35 жас аралығындағы Д және Е санаттарына жататын 4 802 жас анықталды. Қазіргі таңда олардың барлығына толық адрестік жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде 1 302 жастың тіркелмей жұмыс істейтіні, 1 574 жастың өзін-өзі жұмыспен қамтығаны, 358 жастың тұрақты жұмысы бары анықталды. Сонымен қатар 526 жас үй шаруасымен айналысатыны, 319 жастың жұмыссыз екені, 62 жастың студент екені белгілі болды. Сондай-ақ 57 жастың өңірде тіркелмегені, 235 жастың басқа аймақтарға көшіп кеткені, 5 жастың ерекше қажеттілігі бар екені және 284 жастың өңір аумағында тұрмайтыны анықталды. Аталған жастардың 2 540-ы ер азамат болса, 2 262-сі – әйел. Оның ішінде 748 жас аудан орталығында, ал 4 054 жас ауылдық округтерде тіркелген.
NEET санатындағы жастарды қоғам өміріне белсенді тарту мақсатымен арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, нақты индикаторлық көрсеткіштер белгіленді. Осыған орай аудандық жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп жыл басынан бері 6 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Алдағы уақытта бұл бағыттағы адрестік жұмыстар тұрақты түрде ай сайын жүргізіледі.
Жастардың психологиялық саулығын қамтамасыз ету және түрлі әлеуметтік тәуекелдердің алдын алу бағытында да ауқымды жұмыстар атқарылды. Мәселен, «Психология- лық-танымдық» бағытта барлығы 161 іс-шара өткізіліп, 5 591 жас қамтылды. Оның ішінде суицидтің алдын алу бойынша 10 іс-шара өткізіліп, 435 жас қамтылса, ерте жүктіліктің алдын алу бойынша 30 іс-шара ұйымдастырылып, 1 209 жасқа түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша 4 іс-шараға 110 жас қатысты. Лудоманияның алдын алу бағытында 13 іс-шара өткізіліп, 384 жас қамтылды. Нашақорлықтың алдын алу бойынша 42 іс-шара ұйымдастырылып, 1356 жас қамтылса, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу мақсатында 43 іс-шара өткізіліп, 1 638 жасқа ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар неке және отбасы құндылықтарын дәріптеу бағытында 7 іс-шара ұйымдастырылып, 145 жас қамтылды. Ал жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша 12 іс-шара өткізіліп, 504 жас қатысқан.
Құқықтық мәдениетті қалыптастыру мен құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар да өз нәтижесін беруде. Ағымдағы жылдың бес айында құқықтық бағытта 464 іс-шара өткізіліп, оған 17 339 жас қамтылды. «Қоғам сақшысы» жобасы аясында жастар ісі жөніндегі инспекторлар мен учаскелік полиция инспекторларының қатысуымен 37 түнгі рейд ұйымдастырылды. Ал «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында 97 іс-шара өткізіліп, 2 720 жас қамтылды. Оның ішінде 36 кездесу, 44 түнгі рейд, 3 бос және иесіз қалған ғимараттарды зерделеу жұмыстары, 3 акция, 2 бейнеролик түсіру, 1 семинар, 6 түсіндіру жұмысы, 6 экскурсия және 3 сот отырысы өткізілді. Сонымен қатар «Ішімдіксіз ауыл» акциясы аясында ауданның барлық 19 ауылдық округінде күндізгі рейдтер жүргізіліп, тұрғындарға кең көлемде түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Жалпы алғанда, 2026 жылдың бес айында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатымен Жастар ресурстық орталығы тарапынан 1 340 іс-шара ұйымдастырылып, оның 1 077-сі ауылдық округтерде өткізілді. Нәтижесінде 41 513 жас қамтылды. Оның ішінде рухани-адамгершілік бағытында 115 іс-шара өткізіліп, 3 030 жас қамтылды. Әскери- патриоттық бағытта 58 іс-шара өткізіліп, 1 943 жас қатысты. Спорттық бағыттағы 60 іс-шараға 1 749 жас жұмылдырылды. Мәдени-шығармашылық бағытта 94 іс-шара өткізіліп, 4 723 жас қамтылды. Құқықтық бағыттағы 462 іс-шараға 17 339 жас қатысса, діни бағыттағы 28 іс-шараға 1 225 жас қамтылды. Психологиялық-танымдық бағыттағы 161 іс-шараға 5 593 жас тартылды. Жастарға кеңес беру бағытында 127 іс-шара ұйымдастырылып, 2 118 жас қамтылды. Экологиялық мәдениет бағытындағы 192 іс-шараға 3 081 жас қатысса, этносаралық келісім бағытындағы 8 іс-шараға 270 жас, ал сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы 23 іс-шараға 442 жас қамтылды.
Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың бастамасымен, Біріккен Ұлттар Ұйымының қарарымен 2026 жылдың «Халықаралық волонтерлар жылы» болып жариялануы еріктілер қозғалысының дамуына жаңа серпін берді. Осыған орай Қордай ауданында да волонтерлық қызметті кеңінен насихаттауға және дамытуға бағытталған көптеген іс-шара ұйымдастырылды. Бес айдың қорытындысы бойынша, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» жанындағы волонтерлық қозғалыс аясында 97 іс-шара өткізіліп, оған 874 ерікті жас белсенді қатысты.
Атап айтқанда, қарттар мен жалғыз- басты азаматтарға және қиын өмірлік жағдайдағы адамдарға көмек көрсету бағытында «Еріктілердің игі ісі», «Қайырымдылық жүректен шыққан ізгілік», «Қарттарға – құрмет, жүрекке – жылу» атты 16 іс-шара ұйымдастырылып, 130 адам қамтылды. Көпшілік кеңістіктерді дамыту бағытында «Қысқы қауіпсіздік үшін», «Тазалықты өзімізден бастайық» атты 9 іс-шара өткізіліп, оған 116 адам қатысты. Гуманитарлық-әлеу- меттік көмек көрсету бағытында «Қайырымдылық – жүректен шыққан жақсылық», «Қамқорлық пен қолдау», «Қайырымдылық жүректен», «Қайырымды болайық», «Жақсылық жасау – жүректен», «Жақсылық жасап жарысайық» атты 61 іс-шара ұйымдастырылып, 482 адам қамтылды. Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша «Газдан уланудың алдын алайық, өмірімізді сақтайық», «Газ қауіпсіздігі – ортақ міндет» атты 5 іс-шара өткізіліп, 26 адам қамтылды. Дағдарыс орталықтарында волонтерлық қызмет көрсету бағытында «Мейірімге толы мереке» атты 1 іс-шара өткізіліп, 10 адам қатысты. Ерекше қажеттіліктері бар балалар мен ересектерге арналған 1 іс-шара ұйымдастырылып, 10 адам қамтылды. Азаматтық қоғамды дамыту бағытында 4 іс-шара өткізіліп, 100 адам қатысқан.
Экологиялық мәдениетті қалыптас- тыру бағытында жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың ішінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының маңызы зор. Аталған акция аясында аудан көлемінде 192 іс-шара ұйымдастырылып, оның ішінде 9 акция, 5 түсіндіру жұмысы және 178 тазалық шарасы өткізілді. Нәтижесінде 3 081 жас қамтылып, қоршаған ортаны қорғау мен тазалық мәдениетін қалыптастыруға өз үлестерін қосты.
Қордай ауданында мемлекеттік жастар саясаты жүйелі әрі нәтижелі жүзеге асырылып келеді. Жастарды жұмыспен қамту, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, қоғамдық белсенділігін көтеру, волонтерлық қозғалыс- ты дамыту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағыттарында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бұл жұмыстар жастардың жан-жақты дамуына, олардың қоғам өміріндегі рөлін күшейтуге және елдің тұрақты дамуына үлес қосатын белсенді азаматтарды тәрбиелеуге бағытталған. Алдағы уақытта да Қордай ауданында жастар саясатын іске асыру бағытындағы жұмыстар өз жалғасын тауып, жастардың игілігі үшін жаңа бастамалар мен жобалар жүзеге асырыла бермек.

Айқаныш ИСРАИЛОВА,
Қордай ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің
«Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры

Comments (0)
Add Comment