Азаматтардың әлеуметтік төлемнің мөлшерін қайта есептеу бойынша құқықтары қорғалды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады. Көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қорғауға және қалпына келтіруге баса назар аударылуда.

А. есімді азаматшаның шағымы бойынша Департаментпен «Жүктілікке және босануға байланысты кірісінен айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлемді алушының әлеуметтік төлемнің мөлшерін қайта есептеу туралы» мемлекеттік қызметін көрсетуден негізсіз бас тарту фактісі анықталды.

Көрсетілетін қызметті алушының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында Департамент көрсетілетін қызметті алушының бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдау туралы ұсыныс енгізді.

Осылайша, Департаменттің араласуынан кейін көрсетілетін қызметті алушының  құқықтары Жүктілікке және босануға байланысты кірісінен айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлемді алушының әлеуметтік төлемнің мөлшерін қайта есептеу бойынша оң шешім қабылдаумен толық қалпына келтірілді.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылған және заңды құқықтарыңыз бұзылған жағдайда, Сіз ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне Тараз қаласы, Рысбек батыр көшесі, 8А мекенжайы немесе 8(7262)438808, 438849 нөмірі бойынша, сондай-ақ «08.Onay.qyzmet» Телеграм-каналы арқылы хабарласа аласыз.

Өтінішті «E-otinish» азаматтарының барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы да беруге болады.

Қ.Мадиев,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Жамбыл облысы бойынша департаменті
башысының орынбасары

Comments (0)
Add Comment