📌 «Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – әр азаматтың рөлі» тақырыбында кездесу өтті
2026 жылғы 5 маусым күні Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы № 2 қалалық емхана акт залында «Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – әр азаматтың рөлі» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараны Адал қоғам қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Кездесуге емхана ұжымы қатысып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамда адалдық пен ашықтық қағидаттарын қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Шара барысында Назима Дәрменқызы сөз сөйлеп, азаматтық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы рөліне тоқталды. Сонымен қатар, Ернар Нұрболұлы мемлекеттік қызмет саласындағы әдеп нормалары, заң талаптары және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар туралы кеңінен ақпарат берді.
Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Іс-шараның басты мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамда адалдық құндылықтарын насихаттау болды.
✅ Адалдық пен әділдік – қоғамның тұрақты дамуының басты кепілі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрбір азаматтың жауапкершілігінен басталады.