Жазғы демалыс – оқушылардың денсаулығына ерекше көңіл бөлетін ең қолайлы кезең.
Қазақстандағы 18 жасқа дейінгі барлық балалар МӘМС жүйесінің қатысушылары болып есептеледі. Балалар үшін сақтандыру жарнасын мемлекет төлейтіндіктен, олар қажетті медициналық көмекті тегін ала алады.
2026 жылы Жамбыл облысында балалардың профилактикалық тексерулері мен скринингтеріне 2 101,4 млн теңге, мектеп медицинасына 1 668,2 млн теңге қарастырылған.
Жаз мезгілінде балалар тіркелген емханаларында профилактикалық тексеруден өтіп, вакцинация немесе ревакцинация ала алады. Сондай-ақ ТМККК және МӘМС аясында шұғыл және жоспарлы медициналық көмек, консультациялық-диагностикалық қызметтер, зертханалық және аспаптық зерттеулер (УДЗ, ЭКГ, рентген, КТ, МРТ және т.б.) қолжетімді.
Қажет болған жағдайда балалар офтальмолог, ЛОР, хирург, стоматолог сияқты бейінді мамандардың кеңесін алып, медициналық оңалту қызметтерін пайдалана алады. Оңалту бағдарламасына емдік дене шынықтыру, массаж, физиотерапия және басқа да қалпына келтіру шаралары кіреді.
Мамандардың айтуынша, жазғы демалыс – аурулардың алдын алып, балалардың денсаулығын нығайтуға таптырмас мүмкіндік. Сондықтан ата-аналарға осы кезеңде балаларын профилактикалық тексеруден өткізу ұсынылады.