Кипр Республикасының Президенті Қазақстанға ресми сапармен келді

Тәуелсіздік сарайында елімізге ресми сапармен келген Кипр Республикасының Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті.

Іс-шара аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никос Христодулидис бір біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Қазақстан мен Кипрдің әнұрандары шырқалды.

Comments (0)
Add Comment