Қалалық қоғамдық-саяси газет

№9 сайлау округі бойынша Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Ақүрпеков Нұрлан Сәкенұлының сайлауалды бағдарламасы

0 195

Ақүрпеков Нұрлан Сәкенұлы 1966 жылы 25 қарашада Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Ә.Жылқышиев ауылында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы, ұлты – қазақ, білімі – жоғары. 1992 жылы Жамбыл педагогикалық институтын «Дене тәрбиесі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1992 жылы «Сұңқар» спорт клубында бокс жаттықтырушысы болып бастаған. 1992-2002 жылдар аралығында Тараз мемлекеттік университетінде мұғалім-жаттықтырушы қызметін абыройлы атқарды. 2004-2016 жылдары бокстан Ұлттық құрама командасының бапкері, 2016-2018 жылдары «Astana Arlans» командасының бас бапкері қызметін атқарған. 2018 жылдан бастап Жамбыл кәсіпқой бокс клубында жаттықтырушы қыз-метін атқаруда. Афина Олимпиадасының жеңімпазы, «Вэл Баркер» кубогының иегері Бақтияр Артаев, Әлем және Азия ойындарының күміс жүлдегері Әбілхан Аманқұл, Әлем чемпионатының қола жүлдегері Ғани Жайлауов, Азия чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауов, студенттер арасында әлем чемпионы Нұрсұлтан Аманжолов сияқты шәкірттерді тәрбиелеген. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Жамбыл облысының Құрметті азаматы. Үйленген, үш ұл, екі қыз тәрбиелеуде. «Ауыл» партиясының мүшесі.

ҚАДІРМЕНДІ ЖЕРЛЕСТЕР!
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

Еліміздің үлкен өзгерістер мен жаңаруларға қадам басқанын биылғы барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауынан байқап отыр-мыз. Әсіресе осы жолғы сайлаудың өзгелерден айырмашылығын бір мандаттық сайлау тәртібіне келгендігімізден көруге болады.
Енді әр азамат өз білімі мен біліктілігіне, іскерлігіне сенген адамның мажоритарлық сайлау жүйесі арқылы депутат болуына мүмкіндігі бар. Азаматтар елдің өміріне араласып, қызметтік және әлеуметтік өрлеуге тең мүмкіндік алуы керек. Саяси өзгерістер еліне адал, қолынан іс келетін, ақыл-ойы ұшқыр әрбір азаматтың жолын ашу үшін қолға алынған деп ойлаймын.
Осындай мүмкіндікті пайдалана отырып, өзімді үміткер ретінде ұсынып, сайлауға қатысу туралы шешім қабылдадым.
Мен, Ақүрпеков Нұрлан Сәкенұлы 1966 жылдың 25 қаңтар Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданында дүниеге келдім. 2018 жылдан бері Жамбыл кәсіпқой бокс клубында жаттықтырушы қызметін атқарудамын.
2002 жылдан бері Қазақстан Республикасының чемпионаттарында жеңімпаздар мен жүлдегерлер дайындап, 20 жыл аралығында 6 Азия чемпионатында, 3 Азия ойындарында, 7 Әлем чемпионатында және 5 Олимпиадалық ойындарда шәкірттерім ел спортының қоржынына алтын, күміс және қола медальдар сыйлады.
2004 жылы шәкіртім Бақтияр Артаев Афина Олимпиадасының жеңімпазы және «Вэл Баркер» кубогының иегері атанды. 2004 жылы «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» және «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын иелендім.
Сонымен қатар шәкірттерім Ғ.Жайлауов, Ә.Аманқұл, Д.Бекбауов, Н.Аманжолов, М.Әлімбаевтар облысымыздың ғана емес, еліміздің көк туын әлем шеңберінде желбіретіп келеді.
Халықтың сеніміне ие болып, ДЕПУТАТ БОЛСАМ:
– балалар мен жастардың бос уақытын тиімді пайдалануын ұйымдастыру, бұқаралық спортқа кең көлемде қамтылуына жағдай жасауға;
– тұрғындардың әлсіз топтарына, яғни зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, көпбалалы отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетуге;
– округтегі жолдарды және көпірлерді жөндеуге, көшелерді қосымша жарықтандыруға, аумақта тиісті абаттандыру жұмыстарының жүргізілуіне ықпал етуге;
– тұрғындар үшін қолайлы орта қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік инфрақұрылымның сапалы болуына басты назар аудару. Медициналық ұйымдар (емханалар, ауруханалар), білім мекемелері (балабақшалар, мектептер), мәдениет, спорт объектілері (стадиондар, алаңдар, велосипед жолдары және т.б.), демалыс нысандары (саябақтар, скверлер, балалар алаңдары және т. б.) сапалы қызмет көрсетуін тұрақты бақылауда ұстауға;
– көшелерге қоқыс қалдықтарын жинайтын жәшіктердің орнатылуына және санитарлық талаптардың сақталуына ықпал етуге;
– сайлау округінде орналасқан жөндеуді қажет ететін білім беру нысандарына күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне ықпал етемін.

Құрметті сайлаушылар!

Біздің еліміздің болашағы, ауылдың дамуы, сүйікті қаламыздың болашағы сіз бен бізге тікелей байланысты.
Сіздерді балаларымыздың бақытты болашағы және әр азаматтың жайлы өмір сүруі үшін сайлауға қатысып, спорт саласының сапасын жақсартуға бар күшін жұмсайтын лайықты кандидатқа дұрыс таңдау жасай отырып, дауыс беруге шақырамын.
Біз туындаған мәселелерді күшімізді біріктіру арқылы шеше аламыз!


Акурпеков Нурлан Сакенович родился 25 ноября 1966 года в селе А.Жылкышиев, района Т.Рыскулова, Жамбылской области. Гражданин Республики Казахстан, по национальности казах. Образование высшее. В 1992 году окончил Жамбылский педагогический институт по специальности «Физическая культура». Трудовую деятельность начал в 1992 году тренером по боксу в спортивном клубе «Сункар». С 1992 по 2002 год работал преподавателем-тренером в Таразском государственном университете им. М.Х.Дулати. В 2004-2016 годах работал тренером Национальной сборной команды по боксу, в 2016-2018 годах был главным тренером команды «Astana-Arlans». С 2018 года работает тренером в Жамбылском клубе профессионального бокса. Он воспитал таких спортсменов, как Бактияр Артаев, победитель Олимпиады в Афинах, обладатель Кубка Вэл Баркер, серебряный призер чемпионата мира и Азиатских игр Абилхан Аманкул, бронзовый призер чемпионата мира Гани Жайлауов, серебряный призер чемпионата Азии Дулат Бекбаов, чемпион мира среди студентов Нурсултан Аманжолов. Заслуженный тренер Республики Казахстан, Почетный гражданин Жамбылской области. Женат, воспитывает трех сыновей, двух дочерей. Член партии «Ауыл».

УВАЖАЕМЫЕ ЗЕМЛЯКИ!
УВАЖАЕМЫЕ ИЗБИРАТЕЛИ!

Большие изменения и обновления в стране мы наблюдаем на выборах маслихатов всех уровней. Особенно отличие этих выборов от других можно увидеть в том, что мы пришли к одномандатному избирательному порядку.
Теперь каждый гражданин имеет возможность стать депутатом через мажоритарную избирательную систему, доверяя своим знаниям, умениям и навыкам. Граждане должны быть вовлечены в жизнь страны и иметь равные возможности для служебного и социального подъема. Я думаю, что политические изменения направлены на то, чтобы открыть путь каждому гражданину, верному своей стране, имеющему деловые качества, квалифицированному специалисту в своей области.
Воспользовавшись такой возможностью, я решил выдвинуть себя кандидатом и принять участие в выборах.
Я, Акурпеков Нурлан Сакенович, родился 25 января 1966 года, уроженец района Т.Рыскулова Жамбылской области. С 2018 года работаю тренером в Жамбылском профессиональном боксерском клубе.
С 2002 года мои спортсмены – победители и призеры чемпионатов Республики Казахстан, а за последние 20 лет ими в корзину национальных видов спорта на 6 чемпионатах Азии, 3 азиатских Играх, 7 чемпионатах мира и 5 Олимпийских Играх завоеваны золотые, серебряные и бронзовые медали
В 2004 году мой воспитанник Бахтияр Артаев выиграл Олимпиаду в Афинах и стал обладателем Кубка Вэла Баркера. В 2004 году я получил звание Заслуженный тренер Республики Казахстан и Заслуженный деятель Казахстана.
Кроме того, мои воспитанники Г.Жайлауов, А.Аманкул, Д.Бекбауов, Н.Аманжолов, М.Алимбаев открывают миру не только нашу область, но и нашу страну.
Если я стану ДЕПУТАТОМ, то внесу вклад :
– в организацию эффективного использования досуга детей и молодежи, создание условий для широкого охвата массовым спортом;
– в оказание всесторонней поддержки уязвимым слоям населения, т. е. пенсионерам, гражданам с ограниченными возможностями, многодетным семьям;
– в содействие ремонту дорог и мостов в округе, дополнительному освещению улиц, проведению соответствующих работ по благоустройству территории;
– в развитие социальной инфраструктуры, с целью обеспечения комфортных условий для жителей; в обеспечение контроля оказания качественных услуг медицинскими организациями (поликлиники, больницы), учреждениями образования (детские сады, школы), объектами культуры, спорта (стадионы, площадки, велосипедные дорожки и др.), объектами отдыха (парки, скверы, детские площадки и др.);
– в улучшение и соблюдение санитарных требований, установлению на улицах урн для сбора мусора;
– в проведение работ по капитальному ремонту объектов образования, нуждающихся в ремонте, расположенных в избирательном округе;

Уважаемые избиратели!

От нас с вами напрямую зависит будущее нашей страны, развитие села, будущее нашего любимого города.
Приглашаю вас принять участие в выборах для счастливого будущего наших детей и комфортной жизни каждого гражданина, сделать правильный выбор и проголосовать за достойного кандидата, который будет вкладывать возможности и силы в улучшение качества спортивной сферы.

Мы можем решить возникающие проблемы, объединив наши силы!

Тапсырыс беруші: №9 бір мандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат АҚҮРПЕКОВ Н.С.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстары есебінен төленді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.