Қалалық қоғамдық-саяси газет

8 канал механикалық тазалаудан өтуде

0 158

Қазіргі таңда қаланы көгалдандыруға да көп көңіл бөлінуде. Мәселен, шаһарды көгалдандыру және жасыл аймақ құрудың жоспарына сәйкес, «Жасыл белдеу» бағдарламасы аясында 2024 жылы 20 мың түп ағаш отырғызу жоспарланып, көктем мезгілінде 10 мың түп ағаш көшеттері отырғызылды. Қалған 10 мың түп ағаш күз мезгілінде егіледі. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз конференциясын өткізіп жатқан Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің айтуынша, бұдан бөлек қаланың орталық көшелеріне, саябақтарға, және басқадаалеялармен скверлерге жалпы саны 10 мыңға жуық әртүрлі ағаштар отырғызылған.

– Қаланы абаттандырудағы маңызды салалардың бірі – көгалдандыру, оның ішінде жасыл желектерді суару мәселесі. Бүгінде шаһарды ағын сумен қамтушы арық жүйелерінің тозығы жеткен. Осы орайда, жүйелерді қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды. Жобаны 2023-2025 жылдарда жүзеге асыру көзделген.

Өткен жылы осы мақсатта шағын аудандарда 40 шақырым ескі лотоктарды монтаждау және демонтаждау жұмыстары жүргізілді. Ал биыл 8 шақырым арық жүйесін жаңарту көзделіп, тиісті шағынаудандарда құрылыс жұмыстары жүруде. Нысан келесі жылға өтпелі, – деді шаһар басшысы.

Сонымен қатар облыс әкімінің тапсырмасы негізінде қала аумағындағы 6 ирригациялықжәне 2 дренаж каналы механикалық тазалаудан өтуде. Бұл жұмыстардың нәтижесінде каналдарды абаттандыру жұмыстары қолға алынбақ. Бүгінгі күні облыс әкімінің тікелей тапсырмасымен «Түйте» каналының бір бөлігін абаттандыру жұмыстары басталған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.