Қалалық қоғамдық-саяси газет

76 көше самаладай жарқырайды

0 219

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз конференциясын өткізуде. Баяндамасы барысында Бақытжан Әмірбекұлы қала көшелерін жарықтандыру жайын тілге тиек етті.

– Былтыр облыс орталығындағы 83 көше түнгі жарық шамдары орнатылса, биыл 76 көшені жарықтандыру қолға алынбақ. Сондай-ақ қалалық бюджет есебінен 10 шағынауданда орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын жарықтандыру жұмыстарын жүргіздік. Нәтижесінде 353 көпқабатты тұрғын үй аулалары, 79 кіреберіс жолдар және 44 359 тұрғын түнгі жарықпен қамтамасыз етілді. Бұл жұмыстарды келесі жылы қаланың өзге де аумақтарында іске асыруды көздеп отырмыз. Бұдан бөлек, С.Сейфулин көшесінің бойына және Жамбыл даңғылына жаяу жүргіншілер жолына түнгі жарық шамдары орналастырылды. Сондай-ақ «Шөлдала», «28 саяжай» тұрғын алқаптарын электр желісімен қамтамасыз ету бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары толығымен аяқталып, 5 775 тұрғын үйге абонент ретінде тіркелді. Ағымдағы жылы қала маңындағы саяжай алқаптарын электр қуатымен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында жоғары вольтты желілер мен қосалқы станциялар құрылысы басталды. Аталған жоба 2025 жылы аяқталады, – деді Бақытжан Әмірбекұлы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.